Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылды

Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілген

Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылды
Baq.kz
110

Семей қаласында 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылды. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі 6-сынып оқушысын соққыға жығу фактісі бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 

- Қазір кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберіледі. Онда олармен психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ жеткіншектер қоғамнан уақытша оқшауланып, олармен түзету жұмыстары жүргізіледі, - дейді департамент бастығының орынбасары Ернар Базаров.

Оның айтуынша, 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылып, екі балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.

Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілген. 

Серіктес жаңалықтары