Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысының өлімі бойынша іс сотқа жолданды

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысының өлімі бойынша іс сотқа жолданды
istockphoto.com
72

Қопа ауылында жасөспірімнің өлімі бойынша іс сотқа жолданды

Облыс прокуратурасымен Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Темір ауданының Қопа ауылында мектеп оқушысының абайсызда өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық іс жолданды.

«Іс облыстық полиция департаментімен тергеліп, процестік прокурор тағайындалды, ол толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етті.

Тергеу барысында өткен жылдың 2 қыркүйегінде Темір ауданының Қопа ауылында 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын «тәрбиелік мақсатта» ұрып-соққаны анықталды.

Салдарынан кәмелетке толмаған Сыдық Н. ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында 6 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Олардың біреуі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша сотқа берілді, ал қалған бесеуі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауды ұйымдастырғаны (Қылмысты ұйымдастыру, ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылуда.

Сотта мемлекеттік айыптауды процесс прокуроры қолдайды.

Серіктес жаңалықтары