Қызылордадағы түнгі клубта заңсыз сақталған заттар анықталды

Тексеру кезінде клуб ішінен екі 10 литрлік газ баллоны, арнайы пакеттерге салынған шарлар және кальян аппараты тәркіленіп, олар заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

Қызылордадағы түнгі клубта заңсыз сақталған заттар анықталды
Polisia.kz
75

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары түнгі клубтардың бірінде заңсыз сақталған заттарды анықтады, деп хабарлады turkystan.kz сайты

Тексеру кезінде клуб ішінен екі 10 литрлік газ баллоны, арнайы пакеттерге салынған шарлар және кальян аппараты тәркіленіп, олар заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 310-бабының 1-бөлігіне (Есірткі немесе өзге де есірткілік әсер беретін заттарды қолдануға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында демалыс және мереке күндері қала аумағында полиция қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Барлық ойын-сауық орындары қатаң бақылауға алынып, кезекті тексерулер жүргізілмек.

Серіктес жаңалықтары