147
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан «Ford Focus» жүргізушісі мен «Cobalt» көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Батыс Қазақстан облысында бүгін жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға сағат 10:30-дардың шамасында Казталов-Жәнібек жолының 111 шақырымында болған.
БҚО полиция департментінің ақпаратынша, Орал қаласынан 447 шақырым жердегі Өнеге ауылының маңында «Ford Focus» көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан жүк көлігін басып озбақ болған. Бірақ қарсы бағыттағы «Chevrolet Cobalt» автомобилін аңғармаған. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан «Ford Focus» жүргізушісі мен «Cobalt» көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Жол апатына ұшыраған «Ford Focus» көлігіндегі 4 жолаушы қазір түрлі дене жарақатымен Жәнібек аудандық ауруханасына жеткізіліпті.