131
Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болды
Тағайындау туралы шешім Президент әкімшілігімен келісілген.

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тағайындау туралы шешім Президент әкімшілігімен келісілген.
Руслан Берденов Шымкент өңірінің тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған. Әр жылдарда түрлі ірі компанияларда жұмыс істеген, бизнеспен айналысқан. 2023 жылдың наурызында VIII шақырылымда Мәжіліс депутаты болып сайланды.