Алматының Медеу ауданының бір бөлігі жарықсыз қалды

Жарықтың өшуі Оспанов, Сызғанов және Қаппаров көшелерінің бір бөлігін де қамтыған

Алматының Медеу ауданының бір бөлігі жарықсыз қалды
azh.kz
114

Алматының Медеу ауданында электр энергиясы уақытша өшірілді.

“Алатау Жарық Компаниясының” (АЖК) мәліметінше, апат 15:50-де Жамақаев – Тайманов – Нұрлыбаев даңғылы – Иванилов көшелері аумағында болған.

“Алдын ала мәлімет бойынша, 10 кВ екі жерасты кабельдік желісі үзіліп, трансформаторлық қосалқы станциялар (ТП) ажыратылған. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары барысында қазіргі уақытта бір желі мен он ТП бойынша электр энергиясын беру ішінара қалпына келтірілді. Толық қалпына келтіру шамамен 1,5 сағат ішінде жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.

Медеу ауданының тұрғындары электр энергиясының ажыратылу себептері туралы жедел ақпарат алу үшін “АЖК” байланыс орталығына 356-99-99 телефоны арқылы хабарласа алады.

“Алатау Жарық Компаниясының” электр қуатын ажырату картасына сәйкес, жарықтың өшуі Оспанов, Сызғанов және Қаппаров көшелерінің бір бөлігін де қамтыған.

Серіктес жаңалықтары