Бүгін тоғыз қалада ауа ластанады

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Бүгін тоғыз қалада ауа ластанады
istockphoto.com
133

21 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды tyrkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Cиноптиктердің болжамына сүйенсек, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары