297
Белгісіз адамдар Tesla автосалонына оқ жаудырды
Бұл туралы Salem Reporter порталы хабарлады.

АҚШ-та бейтаныс адамдар Tesla автосалонына оқ атып, компанияның негізін қалаушы, америкалық кәсіпкер Илон Маскты өлтіруге шақырған, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 19 ақпан күні Орегон штатындағы Салем қаласында болған. Шабуыл салдарынан терезелер мен бірнеше көлікке зақым келген.
Қирамаған терезелердің біріне қаскүнемдер "Илонды өлтіріңдер" деген жазбаны жапсырған. Қазір полиция оқиға бойынша тергеу жүргізуде. Жергілікті билік шабуылды Илон Масктың әлеуметтік желілердегі пікірлерімен байланысты болуы мүмкін деп санайды.