237
Маңғыстауда жол-көлік қозғалысы енді дронмен бақыланады
Атап айтқанда, жылдамдықты асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер анықталады.

Маңғыстау облысының полиция департаменті республикалық трассалар мен өңірлік автожолдардағы жол жағдайын бақылау үшін дрондарды пайдаланады.
Атап айтқанда, жылдамдықты асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер анықталады.
Бұл жол қауіпсіздігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.