246
«Қазгидромет» алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды
Қазақстандықтар климаттың айырмашылығын сезінеді

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, таяу күндері Қазақстан тұрғындары тұрғылықты жері бойынша климаттық циклонды сезінеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдағы күндері Қазақстан тұрғындары өздері тұратын аумақта климаттың күрт айырмашылығын сезінеді. Еліміздің солтүстік аймақтары суық ауа массаларынан туындаған антициклонның ықпалында болады, ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды.
Ал оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етеді – ол баяу қозғалады, күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп жылып, 10-15 градусқа дейін көтеріледі.