Қазақстанда Үлкен террор құрбандарын еске алуды ұсынды

Қазақстанда Үлкен террор құрбандарын еске алуды ұсынды

Қазақстанда Үлкен террор құрбандарын еске алуды ұсынды
ашық дереккөзі
"Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясының мүшелері Сталин дәуіріндегі жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алуды ұсынды. Фракция мүшелерінің үкіметке жолдаған үндеуін мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман оқып берді.
Мұсырманның айтуынша, депутаттық сауалда 1937 жылғы қуғын-сүргінге 80 жыл толу датасын атап өту қажеттігі айтылған. Сталиндік репрессия тарихқа Үлкен террор деген атпен енді. "Осы репрессиялар салдарынан көптеген саяси қайраткерлер мен интеллигенция өкілдері "халық жауы" атанып, атылды немесе ұзақ жылдарға сотталды", - деді депутат. Тарихшылардың мәліметі бойынша, сталиндік репрессия жылдарында Қазақстанда кем дегенде 22 мың адам атылып кеткен. Депутаттар ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, білім беру мекемелерінде ашық сабақ өткізуді, көрмелер ашып, деректі фильмдер және театрландырылған қойылымдар көрсетуді ұсынды.