229
«7 адам қоршауда қалды»: Ұлытау облысындағы шахтада апат болды
Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды.

Бүгін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасы құлаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми мәлімдеме жасады.
Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
«Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары жіберілді»,- делінген министрлік хабарламасында.