Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованы әлеуметтік желі қолданушылары сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Продюсер шетелдегі демаласынан суреттер жүктеді.
«Жаздың үш айы», - деп жазды Баян Алагөзова ашық киіммен түскен суретінің астына.
Желі қолданушылары Баян Алагөзованың әрекетіне көңілі толмағандарын айтып, сынға алды.
«Күйеубаласының қырық күні өткен жоқ, осындай фотолар салғаны дұрыс емес деп ойлаймын», «Аруақтан қорықпайсыз ба? Ашық-шашық киінгеніңіз...», «Құда-құдағилардан ұят емес пе?», - деген секілді пікір қалдырды жазба астына желі қолданушылары.
Айта кетсек, Баян Мақсатқызының сіңілісі әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі Әділжан Юсупов қайтыс болған еді.