Павлодарда балабақшалар азық-түлікті жоғары бағамен сатып алмақ болған

Прокуратура бюджет қаражатын желге шашуға жол бермеді.

Павлодарда балабақшалар азық-түлікті жоғары бағамен сатып алмақ болған
freepik.com
Автор
Админ
152

Павлодар қаласының прокуратурасы  қаладағы балабақшалардың азық-түлік өнімдерін тым жоғары бағамен сатып алмақ болғандарын анықтады, деп жазады turkystan.kz.

№23 бөбекжай мемлекеттік сатып алу порталында 18 000 литр сүтті 50 620 500 теңгеге алмақ болған. Яғни сүттің бір литрін 2 812 теңгеден сатып алуды жоспарлаған.

Нарықта мұндай сүттің (майлылығы – 2,5%) орташа бағасы 345 теңгені құрайды.

 №23 бөбекжайдың бір литр сүтті 2812 теңгеден сатып алуы 44 410 500 теңге көлеміндегі бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына себеп болады.

№102 бөбекжай жалпы сомасы 19 455 783,6 теңгеге 14 520 кг картоп сатып алмақ болған. Сонда бір келі картоп бағасы 1340 теңге болады.

Ал қала дүкендерінде картоп 120 теңгеден (әлеуметтік баға) және жеке меншік дүкендерде 380 теңгеден сатылады.

Жоғарыда аталған өнімдерді сатып алуға тыйым салынды, азық-түлікті сатып алу бағасы төмендетілді, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

 

 

Серіктес жаңалықтары