147
Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогінде 5 медаль иеленді
Жекелей сында Нұрмұхаммед Жайлыбай күміс жүлдегер атанса, Әдемі Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы қола медаль иеленді.

Алматыда семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем кубогі өтті.
Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен турнирде бес медаль жеңіп алды.
Жекелей сында Нұрмұхаммед Жайлыбай күміс жүлдегер атанса, Әдемі Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы қола медаль иеленді.
Командалық сайыста қазақстандық жігіттер алтын, ал қыздар күміс медаль еншіледі.