Алматыдағы «Сауран» құрылыс базарында қойма өртенді

Оқиға орнында 77 адам мен 19 техника жұмыс істеді

Алматыдағы «Сауран» құрылыс базарында қойма өртенді
ТЖМ
200

Бүгін сағат 20:11-де Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылындағы базар аумағында қоймадан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртпен күресу үшін өрт сөндіру машиналары мен гидранттар арқылы су беру ұйымдастырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, екі өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды, сондай-ақ жұмыс ыңғайлылығы үшін автосаты орнатылды.

Оқиға орнында 77 адам мен 19 техника жұмыс істеді.

ТЖМ күштерімен 350 ш.м. аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.

Серіктес жаңалықтары