229
Шымкентте есірткі дайындайтын жасырын зертхана жойылды
Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

6 ақпанда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.
Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
«Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.