«Әншілер Меккеде тегін жүрген жоқ»: Блогер қажылыққа баратын қазақтарды ойлануға шақырды
Оның айтуынша, арабтар лас халық, және олардан үлгі алу дұрыс емес
![«Әншілер Меккеде тегін жүрген жоқ»: Блогер қажылыққа баратын қазақтарды ойлануға шақырды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2025/02/1739487620.jpg)
7 Egoist лақап атымен белгілі Қайрат есімді блогер Меккеге құлшылық жасауға баратын мұсылмандарды қатаң сынады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оның айтуынша, арабтар лас халық, және олардан үлгі алу дұрыс емес.
«Блогерлер, спортшылар, әншілер Меккеде тегін жүр деп ойлайсыз ба? Олардың бәрі жарнама. Бізде діни топтардан қомақты, жақсы қаражат бөлінеді. Арабтар халқына таусылмайтын байлық, туризм, Меккені тастап кетті. Мықты жарнама жасалса, тоқтамай ақша барып тұрады. Бірақ, бұл да ұзақ емес. Біздің ұрпақта болмаса да, келесі ұрпақта дін болмайды. Гуманизм сияқты адамзатқа ортақ бір дін пайда болады. Бәрібір халықтың санасы ашылып, өтірік судың бетіне қалқып шығады. Қазірдің өзінде жастардың аз ғана бөлігі ойлануды бастады. Меккеде өлген адамдарды жерлемейтінін білесіз ғой. Оларды мусорға апарып, бәрін бір жерге тастайды. Бірақ, адамдар ол жағын да қатты ойлана қоймайды. Мысалы, Меккеде бір біріне жармасып жүрген адамдарды көріңізші. Тығылысып жүр, содан да жүрегі қысылып өліп кетеді ғой. Әйелдер мен еркектер жабысуға болмайды дейді. Бірақ ана жердегі былықты көрсеңіз, ана кішкентай күміс жалатылған тасты сүйіп жатқан кезде гигиена қайда деген сұрақ болады. Арабтардың дастарханның үстінде аяқпен жүре беретінін, қандай судан дәрет алып, қандай суды ішіп жатқанын көріп, қалай бұл елден үлгі алып жатырмыз деп ойлайсың. Соны көрген адамдар ойын түзей алмайды ма? Сол жаққа барып келгесін мыналар не істеп жатыр, мен қай жерге келдім ойлану керек қой. Мен бармай-ақ олай болмайтынын көріп отырмын», — дейді ол.
Блогердің бұл ойына қатысты желі қолданушылары пікірі екіге бөлінді.
«Өлген кезде жаназаңды шағаратын адам таппай қалма», «Негізі айтып отырғаны дұрыс, дін адамдарды тобыр қылып басқару үшін керек», «Дұрыс айтасың, Меккеге ат басындай алтын берсе де бармас едім», «Дұрыс айтады, қазақтар, ойланыңдар», «Ия, әлемді қазір араб пен массонның бизнесі билеп тұр», «Мынау айтатын нәрсе таппай, атын шығару үшін айтып отыр», — деп жазды желі қолданушылары.