Алматыда туған әкесі 12 жастағы қызын бір жыл бойы зорлап келген
Алматыда сұмдық жағдай орын алды.

Алматы қаласынының тұрғыны журналист Руслан Өтепбайға көмекке жүгінген, деп хабарлады turkystan.kz.
Журналисттің сөзінше, алматылық келіншек қызын туған әкесі зорлағанын айтқан. Бір жылдан астам уақыт туған әкесінен зәбір көрген қыздың шындығын анықтау үшін Руслан Өтепбайға сұхбат беруге келіскен.
«Күні кеше сұмдық оқиғаға куә болдым. Алматы қаласының тұрғыны көмекке жүгінді. Айтуынша күйеуі 12 жастағы туған қызын бір жылдан бері зорлап келген. «Ақыл-есі түзу, аузына арақ алып көрмеген жолдасымнан мұндай азғындықты күтпедім»,-дейді қара жамылған әйел.
Келіншектен жауап алған соң, күдікке ілінген азаматтың ата-анасынан, бауырынан сұхбат алдым. 42 жасар азаматтың анасы немерем әкесіне жала жауып отыр дейді. Жүрегім тілініп, екі көзім төрт болып шықтым. Толық шығарылымды таяу күндері youtube арнама жүктеймін. Ұл-қыздарымызға өте абай болайықшы!», - деді журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Алматылық тұрғын күйеуінің бұндай әрекетке баруы жұмыстағы әріптесінің сөзі әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.
«Аптасына шамамен бір реттен болған. Ол кезде үйде болған ал мен жұмыста болғанмын. Өзім де естігенде шокта болдым. Сенер-сенесімді білмедім. Бір жерде жұмыс істеген. Сол кезде орыс кісі болыпты. Сол айтады екен, қызыңды бірінші күйеуге бермей тұрып өзің қыздығын алу керек деп айтыпты», - деді қара жамылған келіншек.