Кореяның төрт университетінде қазақ тілі кафедрасы ашылады

Кореяның төрт университетінде қазақ тілі кафедрасы ашылады

Кореяның төрт университетінде қазақ тілі кафедрасы ашылады
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшісі Дулат Бақышев БАҚ үшін брифингібарысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастардың дамуы жағдай мен келешегі туралы сөз сөйледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сөз барысында Елші Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы көпқырлы ынтымақтастық барлық бағыттарда (экономика, инвестициялар, энергетика, мәдениет және т.б. салаларда)дамып келе жатқанын айтты. – 90 – жылдардың басында екі ел бір-бірі туралы аз білуші еді, 90- жылдардың ортасында екіжақты құқықтық базасын сапалы және перспективалы құжаттармен толықтыра бастадық. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында біз стратегиялық әріптестік сатысына шығып, қазір Астана мен Сеул оны белсенді түрде кеңейтуде – деді Дулат  Бақышев. 2016 жылдың 9-11 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар іске асыру аясында, сондай-ақ Оңтүстік Кореямен екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі қарқындату үшін 2017 жылы Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтық жөніндегі Қазақстан-Оңтүстік Корея үкіметаралық комиссияның8- отырысы өтуі жоспарлануда. –Қазақстан нарығында еншісін алған үлкен корей бизнесі, корей елінің шағын және орта бизнесінің  Қазақстанда ашылуына себепші болды.Бүгін, Қазақстанда жұмыс істейтін бірлескен қазақ-корей кәсіпорындарының саны 400-ден асады, бұл көрсеткіш алдағы уақытта  өсе түседі, -деп атап өтті Дулат  Бақышев. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық шеңберінде елші бүгінгі күні Оңтүстік Кореяның көптеген жоғарғы оқу орындарында Еуразия және Орталық Азия бағыттарын, оның ішінде Қазақстанды зертейтін көптеген кафедралар ашылуда екенін хабарлады. –Мысалы, Оңтүстік Корея азаматтарының қазақ тілі, еліміздің мәдениеті мен тарихын оқуына мүмкіндік алатын Ханкук шет тілдер университетінде ашылған қазақ тілі кафедрасы сияқты осындай бөлімшелер болашақта, Кореяның алдыңғы қатарлы оқу орындарында, атап айтқанда, Ханьян, Кукмин, Каннам, Аджу және басқа университеттерінде ашылмақшы, – деп нақтылады Дулат Бақышев. «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне билет сатылымының ашылуынан бері Оңтүстік Корея азаматтарының көрмеге қызығушылығы артып, билет сатып алуда.