Кәсіпкер Bank акцияларының бақылау пакетін сатып алмақ ниетте екенін өзі растады.
«Мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank-тың 97,5% акциясын сатып алу үшін өтініш бердім. Қазіргі уақытта бұл өтініш Агенттіктің қарауында. Регулятор өтінішті мұқият зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Айта кетейін, бұл мәміле Kaspi.kz компаниясына ешқандай қатысы жоқ», - деген Вячеслав Кимнің мәлімдемесін Kaspi.kz баспасөз қызметі таратты.