Азия ойындары: Қазақстандық биатлоншылар эстафетада қола жүлде алды

Ел намысын Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады.

Азия ойындары: Қазақстандық биатлоншылар эстафетада қола жүлде алды
Туризм және спорт министрлігі
213

Қазақстан әйелдер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Біздің команда 4х6 шақырымдық эстафетада үшінші орынға ие болды. Ел намысын Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, екінші болып Оңтүстік Корея командасы келді.

Айта кетейік, сағат 10:00-де ерлер эстафетасы өтеді.

Серіктес жаңалықтары