Астана-Петропавл бағытындағы жол жабылды

Астана-Петропавл бағытындағы жол жабылды
Istockphoto
242

Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысы, «Астана-Петропавловск» 18-232 шақырымы аралығында жол жабық.

Ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, екпінді жел, көрінудің 50 метрге дейін шектелуі) 07 сағ. 00 мин. 13.02.2025 ж. бастап барлық көлік түрлерінің қозғалысы жабық, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Ақмола облысы

"Астана-Петропавловск" 18-232 шақырымы, (Астана қ.-Щучинск қ. )

Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар, - деп ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары