153
Азия ойындары: Шаңғы жарысынан ел қоржынына тағы бір қола жүлде түсті
Шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды.
Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды.
Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты.
Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында.
Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы бағана эстафетада күміске қол жеткізді.