ШҚО-дағы түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбекші болған күдіктілер ұсталды

Тыйым салынған заттардың ішінен Тропикамид препараттарының қаптамалары байқалды.

ШҚО-дағы түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбекші болған күдіктілер ұсталды
Polisia.kz
141

Шығыс Қазақстан облысында түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбекші болған күдіктілер ұсталды.

Шығыс Қазақстан облысында ҚР ІІМ ҚАЖК-ге қарасты №18 мекемесінің қызметкерлері түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған ер адамды ұстады. Мекеме аумағына жақын жерде қара түсті пакет ұстаған 41 жастағы ер адам ұсталды. Тексеру кезінде оның ішінде ерекше заттар табылды: скотчпен мықтап оралған электродқа ұқсас шағын қорапшалар бекітілген.

«Әсіресе электродтың басына орнатылған шағын шам (фонарь) назар аудартты. Ұсталған азаматтың айтуынша, бұл шам «сәлемдеменің» қардың арасында жоғалып кетпеуіне көмектесу керек болған. Алайда бұл айла іске аспады. Тыйым салынған заттардың ішінен Тропикамид препараттарының қаптамалары байқалды. Толық тексеріс барысында Тропикамидтен бөлек, телефон, ерекше иісі бар жасыл түсті шөп, белгісіз таблеткалар және ойын карталары табылды», - делінген хабарламада.

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті азаматтарға түрмеге тыйым салынған заттарды жеткізу заңға қайшы екенін және жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ, құқық бұзушылар қанша айла ойлап тапса да, тәртіп сақшылары құйтырқы әрекеттердің жолын кесетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары