Абай облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

/
Абай облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды
ҰҚК
Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікке ілінді.

28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады.

Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікке ілінді.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары