Мемлекет басшысы екі Заңға қол қойды

/
Мемлекет басшысы екі Заңға қол қойды
Сурет: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа екі Заңға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Ізін ала Президенттің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, аталған заңдарға "AMANAT" партиясының депутаттары бастамашылық еткен болатын.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары