Қостанайда такси жүргізушісі досымен бірге жолаушыға шабуыл жасаған

/
Қостанайда такси жүргізушісі досымен бірге жолаушыға шабуыл жасаған
polisia.kz
Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі бейтаныс жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын телефонды ашық түрде ұрлап кеткен.

Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал болған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары