228
Түркістан облысында полиция жолаушыдан 3 келі марихуана тәркіледі
Ер адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Түркістан облысы полиция департаменті есірткі заттарын сақтап, тасымалдады деген күдікпен 49 жастағы азаматты ұстады.
«Полицейлер Ордабасы ауданы елді мекендерінің бірінде Toyota Camry күмәнді автокөлікті тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің салонын тексеру кезінде жолаушыдан, яғни Шымкент қаласының тұрғынынан есірткіге ұқсас заты бар 3 ораманы тапты.
Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 3 келі марихуана болып шықты. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Ер адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінген хабарламада.