Екібастұзда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицейлер тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алды. Заңсыз тауар сатуға арналған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатқан. Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді.
- Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.