Алматыда жолаушылар автобусының ұрлануына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Алматы полициясы түн ортасында Түрксіб ауданында жолаушылар автобусының ұрланғаны туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы тергеу жүргізуде.
Күдікті жедел ұсталды, қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ведомство.