186
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қойма бос болғандықтан, зардап шеккендер жоқ

9 ақпанда Алматының Түрксіб ауданында ангар үлгісіндегі жеке қоймадан өрт шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 150 шаршы метрді шарпыған.
Нақтыланған мәліметтер бойынша жылытқыш өртенген.
Қойма бос болғандықтан, зардап шеккендер жоқ.