Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

/
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.com
9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 9 ақпанда Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, ел аумағында атлантикалық антициклонның әсерісақталады, сондықтан ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады. Дегенмен солтүстікте және шығыста қар жаууы, ал оңтүстікте қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтіледі. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, боран, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында тұман күтіліп, батыс және солтүстік-батыстан соққан желдіңжылдамдығы облыстың шығысында 15-18 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысында боран соғып, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, ал облыстың оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан, ал облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында боран сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, ал облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында екпіні 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақболады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, ал күндіз оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Ұлытау облысында жел солтүстік-шығыстан соғып, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысында қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында батыс желі соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыс желі соғады, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары