Каспий теңізінде кезекті жер сілкінісі тіркелді.
Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, бұл Каспий теңізінде тіркелген бесінші жер сілкінісі.
Тереңдігі: 39 километр, магнитудасы: 3,1. Жер сілкінісінің эпицентрі Ақтау қаласынан 326 шақырым қашықтықта орналасқан.