Бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалған Алматы тұрғыны Ильмира Каримбаева (1996 ж.) өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілер ұйымы Instagram парақшасында хабарлады.
Каримбаева 4 ақпан күні жоғалып кеткен. Сол күні сағат 16:00-де ол Бостандық ауданы, Алмагүл шағынауданы, 5-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, көзі жасыл-сұр түсті. Оң қолында білегінен шынтағына дейін аниме стиліндегі татуировка болған.
Киім ерекшеліктері: сұр түсті пальто, көк шарф, көк джинсы, қара түсті угги.
Еріктілердің мәліметінше, жоғалған әйелдің денесі 7 ақпанда табылған. Қайтыс болу жағдайлары туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.