ШҚО тұрғыны 4 бала мен әжейді аман алып қалды

/
ШҚО тұрғыны 4 бала мен әжейді аман алып қалды
ШҚО ТЖД
Алдын ала өрттің себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.

Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылындағы Шайзаданов көшесінде жеке тұрғын үйде өрт болды.

ШҚО ТЖД қызметкерлері келгенге дейін көршісі Талғат Мүсірат терезе арқылы қатты түтіндеген үйге кіріп, 1956 жылы туған қарт әжейді және 2017, 2019, 2020 және 2023 жылы туған төрт баланы құтқарып қалды.

№ 25 ӨСБ келген өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақта өрт сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала өрттің себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.

ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жою қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары