ШҚО-да 4 оқушы мамандандырылған мектеп-итернаттан қашып кетті

/
ШҚО-да 4 оқушы мамандандырылған мектеп-итернаттан қашып кетті
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы Серябринск қаласында 4 оқушы интернаттан қашып кеткен. Жасөспірімдер түн ортасында қақаған аязға қарамастан сырт киімсіз жүгіріп шыққан. Аталған жайтқа қатысты құзырлы орган өкілдері пікір білдірді.

Телеарнаның мәліметінше, «Девиантты мінез-құлқы бар арнайы мектеп интернаттан» жасөспірімдер оқытушылардың қалың ұйқыға кеткенін күтіп, өрт сөндіру сатысына апаратын есік арқылы қашқан. Абырой болғанда 3 сағаттан кейін табылды. Екеуі ауруханаға жатқызылып, қалғаны интернатқа жіберілген.

«Балалардың жағдайы қалыпты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Олар қар басқан өзен үстімен жүрген. Біреуі суға түсіп кеткен болуы мүмкін. Сондықтан қатты тоңып қалған», - ШҚО Білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің жетекшісі Динара Атынтаева.

Оқушылардың мұндай әрекетке баруына қызметкерлер тарапынан жасалған қысым түрткі болса, заң алдында жауап беретін болады. Бұл туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл айтты. Оның айтуынша, әзірге олардың мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

«Мерзімінен бұрын қорытынды жасауға болмайды. Оларды мұндай әрекетке не итермелегенін білу үшін, олармен сөйлесу қажет. Әрине ата-аналарымен де әңгімелескені де абзал. Бәлкім оларға барлығын бүкпесіз жеткізеді, - деп пікір білдірді ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аксана Калелова.

Полиция жасөспірімдердің қашып кетуіне байланысты тергеу жүргізеді. Бұл жайт облыстық прокуратураның бақылауында болады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Дегенмен ШҚО полиция департаменті девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта жасөспірімдердің қашып кетуіне қатысты тергеу жүргізеді. Бұл оқиға ШҚО прокуратурасының бақылауында», - дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары