жұма, 18 сәуір, 2025

Шығыс Қазақстанда май зауытынан өрт шықты

/
ТЖМ
Цехта күнбағыстың қабығы өртенген.

ШҚО-ның Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы май зауыты аумағында қабықты түйіршіктеу цехынан өрт шығып, түтін 4 пен 6-шы қабаттарға тараған.

Күнбағыстың қабығы өртенген. Объектінің қызметкерлері мекемеден уақтылы шығып үлгерді. Шақырту орнына келген өрт сөндіру топтары қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өрт шығудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді, - делінген ақпаратта.

50 шаршы метр алаңға тараған өрт сөндіріліп, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтарына зақым келген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары