«Мән бермейтінмін»: Әнші Шаһизада 10 жылдан бері ауырып жүргенін айтты

Шаһизада көп жыладар бойы бел-омыртқасы , бүйрегі ауырып жүргенін мәлім етті.

«Мән бермейтінмін»: Әнші Шаһизада 10 жылдан бері ауырып жүргенін айтты
скриншот
8498

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Шаһизада денсаулығы сыр беріп, 10 жылдан бері бел-омыртқасының ауырып жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

 «Өзіңді күтпесең, болмайды екен. Мен шауып жүре бергем, содан белім, омыртқаларым ауыра бастады. Негізі бұрыннан келе жатқан сырқат екен, мен өзімді күтпегенмін.  «Ештеңе етпейді» деп спортқа барып, витаминдерімді ішіп жүре беріппін. 10 жылдан бері ауырып жүр. Кейде өзінен-өзі қойып кететін. Мән бермейтінмін. Қыста вирустан қатты ауырғанмын, сол кезде бар ауруың құтырады екен. Қазір денсаулығыммен осындай жағдай болып жатыр. Сол жақтағы бүйрек те онша емес. Қан қысымы кішкене көтерілген», – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі сыртқатының емін тапқанын да айтты. Күнделікті алма, сәбіз, қызылшадан жасалған сусынды ішетінін көрсетті.

«Бұл енді бауырға да, бәріне де ем. Кешке тамақ ішпеймін, өйткені салмақ қосқанның кесірінен менің белім қазір ауырып жүр», – деді өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары