«Жамандық ойламайды»: Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың сынына жауап берді

/
«Жамандық ойламайды»: Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың сынына жауап берді
instagram
Осыған дейін Мақпал Жүнісова «МузАрт» тобының студиясының кемшілігін айтып, жөндеу жұмысын жүргізу керегін айтқан болатын.

Әнші Сәкен Майғазиев халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың сынына жауап берді.

Осыған дейін Мақпал Жүнісова «МузАрт» тобының студиясының кемшілігін айтып, жөндеу жұмысын жүргізу керегін айтқан болатын.

«Біздің студиямыздың алдында кішігірім ойнайтын автоматтар бар. Мақпал әпкемізге солар кедергі келтірген болуы керек. Мен көп қаладағы студияларда болдым ғой. Негізі біздің МузАРТ-тың студиясы ең жақсы студиялардың бірі. Студия расымен екінші үйіміз сияқты ғой. Тап-тұйнақтай, тап-таза болып тұрады», – деді әнші.

Сондай-ақ Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың кез келген сынын көтеретінін, тіпті «қол көтерсе де» ренжімейтінін айтты.

«Ол кісі пікірін желіге жүктегенде тек біз ғана көреді деп ойлаған болуы керек. Ақкөңіл, аңқылдақ әпкеміз ғой. Ол кісіге не айтса да, жарасады. Бізге қол көтерсе де, ренжімейміз. Тек оны ақпарат таратушылар дүрліктіріп жіберді. Мақпал әпкемізге еш өкпе жоқ», – деп жан сырын ақтарды мәдениет қайраткері. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары