Биыл шегірткемен күреске бюджеттен 7 млрд теңге бөлінеді

/
Биыл шегірткемен күреске бюджеттен 7 млрд теңге бөлінеді
istockphoto.com
Премьер-министрдің айтуынша, шегірткенің таралу аумағы 3 млн гектардан 2 млн гектарға азайған.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Ол былтырғы мәселелер ескерілді деп отыр.

Премьер-министрдің айтуынша, зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектардан 2 млн гектарға азайған. Сонымен қатар көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге.

«7 млрд теңге қаражат дайын. Резервтегі де ақшаны көздедік. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Өткен жылғыдай жағдай қайталанбайды», - деді Серік Жұманғарин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары