Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысының Хромтау ауданында "Самара-Шымкент" жол учаскесінде жүк көлігі жолдан кюветке шығып кеткен. ТЖМ құтқарушылары дереу көмекке келіп, арнайы тростың көмегімен фураны тас жолға шығарды.
Құтқұару операциясынан қайтып бара жатқанда жеңіл көліктің де жолдан шығып, кюветке шығып кеткенін байқаған құтқарушылар оны да жолға шығарып көмектесті.
Абырой болғанда, оқиғалар салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.