165
ШҚО мен Қарағанды облысында жол ашылды
Жол ауа-райының бұзылуына байланысты жабылған болатын.

2025 жылғы 6 ақпан сағат 10:00-де "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Үлкен Нарын ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды.
2025 жылғы 6 ақпан сағат 10:30-да "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылады.