«Болашағы бұлыңғыр»: Дана Нұржігіт есірткіге қарсы күрес ашты

Белгілі тележүргізуші ұрпақ болашағына алаңдаушылық білдірді.

«Болашағы бұлыңғыр»: Дана Нұржігіт есірткіге қарсы күрес ашты
458

Дана Нұржігіт Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып жұмыс істемек, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ішкі Істер министрлігінің жанынан құрылған есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшелігіне қабылдандым. Ресми құжатты Ішкі Істер министрі Ержан Сәденовтің өзі тапсырды. Кеңес мүшелерінің құрамына журналист, блогер, спортшылар мен өнер қайраткерлері жиналған. Бәріміздің мақсатымыз бір – есірткіге қарсы күреске жұмылу. Алдағы уақытта нақты жоспар жасалып, міндеттеріміз айқындалады.  Бұл індетке қарсы жұдырық болып жұмылмасақ, ұрпақ болашағы бұлыңғыр», – деп жазды белгілі журналист әлеуметтік желіде.

Серіктес жаңалықтары