172
Маңғыстау облысындағы тасжолда фургон өртеніп кетті

Маңғыстау облысы Жетібай ауылының маңында тасжолда фургон көлігі өртеніп кетті.
«Өрт туралы ақпарат 3 ақпан күні сағат 21:32-де түскен. Әлеуметтік желіде тараған видеода жүргізуші толыққанды өртеніп кеткен көлікті сөндіруге бар күшін салып жатыр. Оқиға орнына үш арнайы техниканың көмегімен 10 өрт сөндіруші жетті», – делінген Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.