Таразда үнді марихуанасын өсіретін зертхана жойылды
Бір ғана айдың ішінде заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді.

Таразда полицейлер үнді марихуанасын өсіретін зертхананы анықтады, – деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысының 40 дерегін анықтады. Оның ішінде аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтаудың 8 дерегі, сатудың 3 дерегі, есірткі өсірудің 2 жайты, есірткіні насихаттау және жарнамалаудың бір дерегі анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың бір фактісі анықталды. Синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы ұйымдастырған төрт адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тараз қаласында үнді марихуанасын өсіретін зертхананың жолы кесілді. Бір ғана айдың ішінде заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді.
Синтетикалық препараттардың таралуына қарсы күрестің тиімді әдістерінің бірі - әлеуметтік желілерге мониторинг. Осы жылдың қаңтар айында "Кибернадзор" арқылы бұғаттауға 107 интернет-сайт анықталды.