154
Маңғыстауда балабақшаларға 19 млн теңге айыппұл салынды
Маңғыстау ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексерді.

Тексеру барысында санитарлық норма, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, сондай-ақ білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.
Нәтижесінде 111 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 19 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Сондай-ақ жекеменшік балабақшамен іс жүзінде балабақшаға бармаған балалар үшін мемлекеттік бюджеттен 6,6 млн теңге заңсыз алғаны анықталды.
Қылмыстық кодекстің 190-б. 3-б. 1) т. Бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру қорытындысымен сотқа жолданды.
Нәтижесінде балабақша директорына үкім шығарылды: мектепке дейінгі оқыту мен бала тәрбиелеуді ұйымдастыру саласында қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.