176
Доллар 4 теңгеге арзандады
Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 520,27 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың бағамы 515,97 теңгені құрады. Осылайша бірден 4,14 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 520,27 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 519,22 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 521,58 теңгеден сатылып жатыр.
Доллар бағасы бір айда 11,5 теңгеге түсті.
ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 75,5 долларды құрады.