Ақмолада алимент төлемеген әке сотталды

Біржан Сал ауданының Прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларын асыраудан жалтарған әкеге қатысты қылмыстық істі тіркеді.

Ақмолада алимент төлемеген әке сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
163

Борышкер 7 жылдан астам уақыт бойы алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра, төлемеген. Нәтижесінде қарызы 1 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соттың үкімімен борышкер ҚК 139 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасына кесілді.

Алимент жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз.

 

Серіктес жаңалықтары