Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2023 жылы 9 қарашада Ташкентте қол қойылған.
Орталық өнеркәсіптік кооперация, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кешені ретінде жұмыс істейтін болады.
Оның міндеттері – мемлекетаралық кооперативтік қатынастарды дамытуға қолайлы жағдай жасау, өнеркәсіптік кәсіпорындарды халықаралық құн тізбегіне біріктіру, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басқалар.